Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық сессиясында маңызды мәселелерге тоқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық сессиясында маңызды мәселелерге тоқталды
Бүгінде тоғыз елдің арсеналында жалпы саны 13 мың ядролық оқтұмсық бар. Сарапшылар оны қолдану ықтималдылығы артып келе жатқанын ескертеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық сессиясында сөз сөйледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мұнда ол әлемдегі қазір болып жатқан қақтығыстар мен соғыс мәселесіне тоқталып, ендігі адамзат алдындағы негізгі міндет өркениетті қоғам құру екенін айтты.