Синоптиктер 29 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, кейбір өңірлерде, күн райы бұзылып, түнде үсік жүреді, кей өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі бар.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, солтүстігінде, шөлейтті және тау бөктерлі аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте күндіз найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда кей уақыттарда шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Маңғыстау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда да жоғары өрт қаупі бар.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі бар.
Күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша қатты ыстық болады деп болжанады: + 35 градус. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі бар, өңірдің оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз қатты ыстық болады: + 35 градус. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 29 мамырда күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүреді.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі, облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде 2 градус суық болып, үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 29 мамырда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар. Павлодарда 29 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.
29 мамырда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.