Белгілі актер Уәлибек Әбдірайымов отбасында болған жағдайды баяндап берді, - деп жазды Aikyn.kz.
Актер баласының жасөспірім шақтағы түсініксіз әрекеті туралы айтты.
«Балам 9-сынып оқып жүргенде намаз оқып, үйде көп нәрсеге тыйым сала бастады. Бір күні маған “Намаз оқы” деп, шешесіне “Орамал тақ” деп бұйыратын болды. Мен оған ұрыстым. Содан бір күні кешке мешітке кетіп бара жатқанында тоқтатып, “Мешіттегі ұстазыңа әкем енді мешітке жібермейді деп айт” деп дедім. “Сенің маған “Намаз оқы” деп бұйыруға қақың жоқ. Бұйрықты мен саған беремін дедім. Әйтеуір содан кейін ойланды ма, балам тынышталды», – дейді Уәлибек Әбдірайымов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.