Қазақстандық таэквондошылар Гран-при турнирінің бірінші кезеңіне дайындықты бастады

Қазақстандық таэквондошылар Гран-при турнирінің бірінші кезеңіне дайындықты бастады
Қазақстан құрамасы таэквондодан (WT) АҚШ-та өтетін Гран-при турнирінің бірінші кезеңіне дайындықты бастады.

Қазіргі уақытта ұлттық құрама Иран командасымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Жаттығу жиындары Тегеранда  өтуде. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады. 

Жиынға құраманың көшбасшы спортшыларын қоса алғанда, 20 таэквондошы қатысуда.

Оқу-жаттығу жиыны 5 маусымға дейін жалғасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.