Биыл өмірге келген сәбилерге ең жиі қойылған есімдер анықталды

Биыл өмірге келген сәбилерге ең жиі қойылған есімдер анықталды
Ұл балалар арасында ең танымал есім – Айсұлтан, ал қыздар арасында – Айлин есімі бірінші орынға шыққан.

2025 жылы Қазақстанда дүниеге келген сәбилерге ең жиі қойылған есімдер белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл мәліметтерді Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ұсынған. Есімдер тізімі 1 қаңтар мен 22 мамыр аралығында тіркелген жаңа туған сәбилердің атына негізделген.

Ұл балалар арасында ең танымал есім – Айсұлтан, ал қыздар арасында – Айлин есімі бірінші орынға шыққан.

2025 жылы ұл балаларға ең жиі қойылған 25 есім:
Айсұлтан, Мұхаммед, Омар, Алихан, Рамазан, Алдияр, Мухаммад, Амир, Алан, Хамза, Әли, Нұрислам, Альтаир, Айбар, Ислам, Алинұр, Муслим, Мансұр, Дінмұхаммед, Зейін, Ибраһим, Мирас, Хақназар, Арлан, Арсен.

Қыз балалар арасында ең көп қойылған 25 есім:
Айлин, Медина, Асылым, Айша, Мариям, Томирис, Аяла, Сафия, Раяна, Айым, Амина, Адия, Хадиша, Зере, Хадия, Ясина, Айару, Айкөркем, Айзере, Кәусар, Аиша, Ясмина, Жасмин, Фатима, Айдай.