«Бірінші рет қызбен билегенін көрдім»: әнші Зарина Омарова ұлы туралы жазба жариялады

«Бірінші рет қызбен билегенін көрдім»: әнші Зарина Омарова ұлы туралы жазба жариялады
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, ұлына ақ жол тіледі.

Әнші Зарина Омарованың ұлы мектеп бітірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желіде парақшасында ұлының мектеп бітіру кешіндегі билеген сәтін жариялап, қандай сезімді бастан өткергенін айтты.

«Қандай керемет би. Ұлымның бірінші рет қызбен билегенін көріп тұрмын. Басқаша бір эмоция пайда болды ішімде. Жоқ, жоқ қызғаныш емес, ерекше бір сезім. Сіздерде қалай болды? Айтып беріңіздерші, бөлісіп», – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, ұлына ақ жол тіледі.

«Ұлыңыз қарапайым, тәрбиелі екені көрініп тұр», «Мақтаныш сезіндім. Өз ұлымнан. Арқа сүйер азамат болсын ұлдарымыз», «Құтты болсын балаңыздың білім нәрімен сусындаған алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басуы», – деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Зарина Омарова (@zarina_omarova_official)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.