Дулат Бекбауов Париж Олимпиадасының жүлдегерін жеңді

Дулат Бекбауов Париж Олимпиадасының жүлдегерін жеңді
Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты.

Таиландта бокстан халықаралық турнир жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

65 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда Дулат Бекбауов қырғызстандық, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Мұнарбек Сейитбекулын жеңді.

Айта кетейік, Мұнарбек Сейитбекулы – Қырғыз елі тарихында Олимпиадада жүлде алған алғашқы боксшы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.