«Қайрат» – «Жеңіс» матчы ауыстырылды: Дженнифер Лопестің концерті Орталық стадионда өтетін болды

«Қайрат» – «Жеңіс» матчы ауыстырылды: Дженнифер Лопестің концерті Орталық стадионда өтетін болды
Концерт пен футбол матчының мерзімі қабаттасып қалғаны белгілі болған.

Бұған дейін «Қайрат» футбол клубы 10 тамызда, яғни концерт өтетін күні, стадионда маңызды ойын жоспарланғанын хабарлаған еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Концерт пен футбол матчының мерзімі қабаттасып қалғаны белгілі болған. Алайда спорттық кесте өзгертілді.

Концерттің ұйымдастырушылары «Қайрат» – «Жеңіс» матчы 2025 жылдың 21 қыркүйегіне ауыстырылғанын айтты.

Концертке билеттер 28 мамыр күні сағат 10:00-ден бастап сатылымға шығады.

Билет бағасы 40 мың теңгеден басталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.