Тұрсын Алагөзов 100 адамға пәтер сыйлады

Тұрсын Алагөзов 100 адамға пәтер сыйлады
Кәсіпкер баспана беру туралы бұрыннан ойлап жүргенін жеткізді.

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өзі басшылық ететін компанияның 100 қызметкеріне Алматы қаласынан пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кәсіпкер баспана алған жандардың көбі компанияда ұзақ жылдан бері қызмет етіп келе жатқанын атап өтті. Олар: жүргізуші, еден жуушы, жүк тасушы және басқа. 3-4 пайызы ғана басшылық қызметтегілер.

Кәсіпкер баспана беру туралы бұрыннан ойлап жүргенін жеткізді.

Тұрсын Алагөзовтің жары, продюсер Баян Алагөзова да қуанышты жаңалықты желіде бөлісіп, баспана иелерін құттықтады.

«Жолдасымды мақтан тұтамын. Бүгін пәтер алған барлық қызметкер үшін қуаныштымын. Әсіресе, күйеуімнің жомарт және мейірімді болмысы үшін өте қуаныштымын. Ол әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, компаниясында жұмыс істейтін қызметкерлерді ойлап жүреді. Президентіміз бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы жиі айтады. Сондықтан басқа кәсіпкерлерді де осындай жауапкершілікті сезінуге шақырамын», - деді Баян Алагөзова.

Желі қолданушылары кәсіпкердің бұл ісін қолдап, алғыс білдірді.

«Нағыз азамат екен! Алла разы болсын! Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Баспаналы болу бақытын сыйлап жатыр екен», «Иә, менің абысыным алды, ойламаған жерден. Бақытты болыңыздар», «Тұрсынғали Тұрымұлына мың алғыс. Әкемнің 20 жылдық еңбегін бағалағаны үшін. Бүгін 100 отбасына қуаныш сыйлағаны үшін. Істеген жақсылығыңыз мың еселеніп қайтсын», «Алла разы болсын! Қандай керемет тосын сый десеңізші. Баспанасы жоқтар қалай қуанды екен!» - деп жазды желі қолданушылары.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Баян Максатқызы (@bayanmaksatkyzy_)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.