ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Дарын Әбдуәлі ОКҚ-да сөйлеген сөзінде ШОБ-тың экономикадағы салмағы айтарлықтай артқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның сөзінше, 2024 жылдың IV тоқсанында шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 39,7 %-ға жетіп, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайыздық тармаққа өскен.
Сондай-ақ ШОБ секторында жұмыспен қамтылғандар саны 2,2 %-ға ұлғайып, 4,4 млн адамды құрады.
Өнім шығару көлемі де өсім көрсетті: 2024 жылдың IV тоқсанында ол 19,2 %-ға жоғарылап, 81 трлн теңгеге жетті.