26 мамырға арналған ауа райы болжамы мынадай:
Астана қ.: Солтүстік пен солтүстік-батыстан соққан жел күндіз 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан облысы: Түнде және таңертең өңірдің солтүстігін тұман басады, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Орал қ.: Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысы: Түнде найзағай, күндіз солтүстік, орталық және таулы аймақтарда найзағай сақталады. Батыс желі 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с. Солтүстік пен орталықта жоғары, шығыста төтенше өрт қаупі.
Талдықорған қ.: Найзағай, жел екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысы: Солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл; күндіз облыс бойынша найзағай. Жел бағытын солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа өзгертеді, 15-20 м/с. Оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі.
Өскемен қ.: Найзағай, күндіз бұршақ, жел 15-18 м/с.
Абай облысы: Солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр; күндіз найзағай, бұршақ, дауыл. Түнде, таңертең батыс пен солтүстікте тұман. Жел 15-20, екпіні 25 м/с. Оңтүстік-шығыста жоғары, оңтүстікте төтенше өрт қаупі.
Семей қ.: Найзағай, күндіз бұршақ, жел 15-18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысы: Түнде солтүстікте жаңбыр-қар, күндіз облыс бойынша найзағай. Шығыста тұман. Жел 15-20 м/с.
Петропавл қ.: Күндіз жел екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысы: Батыста жаңбыр-қар; оңтүстікте, орталығында найзағай. Жел 15-20 м/с. Батыс пен солтүстікте 2 °C үсік, шығыста жоғары, батыс-оңтүстікте төтенше өрт қаупі.
Павлодар қ.: Жел 15-20 м/с, жоғары өрт қаупі.
Алматы облысы: Оңтүстіктегі таулы аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл; облыс бойынша найзағай. Жел 18-23, кейде 28 м/с.
Алматы қ.: Кей кездері найзағай, күндіз бұршақ, жел 18/23 м/с.
Қонаев қ.: Кей кездері найзағай, жел 18-23 м/с.
Маңғыстау облысы: Батысында жоғары өрт қаупі.
Ақтау қ.: Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы: Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел; күндіз оңтүстікте 15-20 м/с. Солтүстік пен шығыста жоғары, оңтүстік пен батыста төтенше өрт қаупі.
Атырау қ.: Төтенше өрт қаупі.
Қостанай облысы: Оңтүстік-шығыста найзағай; батыс пен солтүстікте тұман. Жел 15 м/с, оңтүстікте төтенше өрт қаупі.
Қостанай қ.: Түнде 1-3 °C үсік.
Қарағанды облысы: Түнде батыс, солтүстікте жаңбыр-қар; күндіз найзағай, бұршақ. Көптеген аудандарда тұман. Жел 15-20 м/с.
Қарағанды қ.: Түнде жаңбыр-қар, тұман.
Ұлытау облысы: Солтүстікте жаңбыр-қар; күндіз найзағай, бұршақ. Жел 15-20 м/с, оңтүстікте төтенше өрт қаупі.
Жезқазған қ.: Жел 15-20 м/с.
Жамбыл облысы: Оңтүстіктегі таулы аймақтарда найзағай, бұршақ; солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл. Жел 15-20 м/с. Оңтүстікте жоғары, батыс-шығыста төтенше өрт қаупі.
Тараз қ.: Таңертең, күндіз найзағай.
Ақтөбе облысы: Солтүстік-шығыстан жел, түнде оңтүстік-шығыс пен шығыста 15-18 м/с. Батыс пен оңтүстікте жоғары, оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі.
Қызылорда облысы: Солтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с; солтүстік пен орталықта шаңды дауыл. Төтенше өрт қаупі.
Қызылорда қ.: Күндіз шаңды дауыл, жел 15-20 м/с.
Ақмола облысы: Түнде батыс пен солтүстікте жаңбыр-қар. Жел 15-20 м/с.
Көкшетау қ.: Түнде топырақ бетінде 2 °C үсік.
Түркістан облысы: Оңтүстік пен таулы аудандарда найзағай, солтүстікте шаңды дауыл. Жел 15-20 м/с. Оңтүстікте жоғары, солтүстік пен шөл-таулы өңірлерде төтенше өрт қаупі.
Шымкент қ.: Найзағай, жел 15-20 м/с, төтенше өрт қаупі.