«Армандар орындалады»: Айжұлдыз Адайбекова қуанышты жаңалығын жариялады

«Армандар орындалады»: Айжұлдыз Адайбекова қуанышты жаңалығын жариялады
Ол армандар орындалатынына сенетінін жеткізді.

Актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желіде шығармашылығындағы жаңалықты жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі Disney-дің «Лило мен Стич» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасында Наниді дыбыстаған. Актриса бұл кәсіби тұрғыдағы алғашқы жұмысы екенін атап өтті. Сонымен қатар кейіпкері туралы пікірін айтты.

«Лило мен Стич фильміндегі кейіпкерді сомдадым. Бұл менің кәсіби тұрғыдағы алғашқы дыбыстауым, сондықтан уайым болды. «Лило мен Стичке» қатысты түсірілім болған еді. Сол кезде «Осы жобаға менің қатысым болса екен» деген арман болатын. Армандар орындалады екен. Негізі кейіпкерім маған ұқсас. Себебі ол өте жанашыр, жақсы көретін адамдарына барын беруге тырысады. Бұл кейіпкерді жүрегіммен түсінемін. Менің үш жасар балам бар. Аты Назар. Скитч мен үшін балама ұқсас. Фильмде өмірдегідей Скитчтің соңынан жүгіріп, «Мынау болады, мынау болмайды» деп жанашырлығымды білдіремін. Менің ойымша, органикалық тұрғыда мұның бәрі жақсы келді», - дейді Айжұлдыз Адайбекова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.