Тағы да жер сілкінісі: дүмпу Алматыдан 338 шақырымда тіркелді

Тағы да жер сілкінісі: дүмпу Алматыдан 338 шақырымда тіркелді
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.

Бүгін  Астана уақытымен сағат 15:08-де Тәжікстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым қашықтықта жер сілкінісі  тіркелді.

Жерасты дүмпуінің күші:

Құлан ауылында – 3 балл,

Меркі ауылында – 2 балл.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.