12 рет пышақталған: Талдықорғанда әйел адамның мәйіті табылды

12 рет пышақталған: Талдықорғанда әйел адамның мәйіті табылды
Марқұмның денесі қаладағы Villa қонақүйінен өрт сөндіру кезінде анықталған.

Өрт қонақүйдің бірінші қабатында тұтанған. Алдын ала болжам бойынша, қылмыскер ізін жасыру үшін ғимаратты әдейі өртеген болуы мүмкін.

"24 мамыр күні сағат 04:14-те Paradise Villa қонақүйінің тіркеу бөлігінде өрт шықты. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 04:29-да өрт толық сөндірілді, 35 адам эвакуацияланды", – деп хабарлады Жетісу облысы ТЖД.

Қазір күдікті ұсталып, кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.