Жаңбыр мен үсік: алдағы күндері ауа райы қалай құбылады?

Жаңбыр мен үсік: алдағы күндері ауа райы қалай құбылады?
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, еліміздің басым бөлігінде үсік, қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл байқалады.

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі уақытта 1-6 градус үсік күтіледі. Көп өңірде жел екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе мен Түркістан облыстарында өрт қаупі сақталады.

Мамандар тұрғындарды сақ болуға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.