Видеоға көз жүгіртсек, Ғайыпбаев оқиғаның сол сәтін былай еске алады: «Шерзаттың шекесінен мылтықтың дүмімен ұрды. Менің желкеме мылтық тиген соң талып қалдым. Мылтықты Нұрқиястың қолынан көрдім. Бір рет мылтық атылғанын естідім. Нұрқияс кейін төбелес кезінде екі рет пышақпен ұмтылды», – дейді ол.
Ал беттестіру кезінде Нұрқияс Ілиясов бұл айтылғандармен келіспейтінін мәлімдеді.
Ал оның нұсқасы мынадай: «Мылтықпен ұрып, пышақпен шабуылдады дегенімен келіспеймін. Біз кафенің алдында тұрғанда Азаматқа Нұрбол Тоқтаубаев хабарласты. Нұрболды ұрып кетті деп айтқан. Дүкеннің алдында 7-8 бала ерегісіп, боқтап тұр екен. Кейін әкесі пышақпен шығып, балағаттап "кетіңдер" деді. Сол кезде бетімнен біреу ұрды. Тура сол кезде алдымнан оқ атылды. Қарасам, Нұрқанат екен. Екі рет оқ атқан соң, артқа қарай Шерзатпен қашты. Екеуінің артынан барғанда Шерзат тізерлеп құлады. Сол кезде мылтықты алып Нұрқанаттың желкесінен ұрдым. "Скорый" дегенде мен мылтықты алып кетіп қалдым. Қолымда пышақ болмады», – деді күдікті.
Нұрқанат Ғайыпбаев өзіне «мылтық атқан» деген айыпты мойындамайтынын мәлімдеді. Дегенмен бұған дейінгі сот тыңдауларында айыпталушылардың көпшілігі дәл сол екі рет атыс жасаған адам Ғайыпбаев болғанын алға тартқан.