«Отбасылы азаматпен байланысқан емеспін»: белгілі адвокат Мұхамеджан Тазабекпен байланысы туралы әңгімеге нүкте қойды

«Отбасылы азаматпен байланысқан емеспін»: белгілі адвокат Мұхамеджан Тазабекпен байланысы туралы әңгімеге нүкте қойды
Әлеуметтік желіде жазба жариялады.

Адвокат Ләззат Ахатова айтыскер ақын, медиа-менеджер Мұхамеджан Тазабекпен бірге оқығанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Адвокат журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың Мұхамеджан Тазабекке «Ләззатқа ғашық болдыңыз ба?» деп сұрақ қойғанына реніш білдіріп, жазба жариялады.

«Мұхаңмен бірге оқыды деген атым болмаса, көп те араласпағанбыз. Мен тек Мұхамеджанмен емес, курстастардың денімен дос ретінде араласамын. Ол заңды да. Қазір ажырасып кетсем, немене міндетті түрде бірге оқыған біреумен жүру керек пе? Мен қанша жерден басым бос болса да, отбасылы азаматпен байланысқан емеспін, байланыспаймын да. Өзімнің отбасымның шырқы солай бұзылып, шаңырағым ортасына түскесін, ешқашан біреудің ұйып отырған шаңырағын бұзбаймын да, өзімдей анаға, әйелге титтей де зиянымды тигізбеймін. Менің өмірлік принципім сондай. Менің жеке өмірімді сөз етуге қақыңыз жоқ! Ажырассам, ерден ажырасқан шығармын, бірақ менің алтындай ұл-қызым бар, жалғыз емеспін. Мұхамеджанды Қаңтардан кейін эмоциямен (мүмкін негізсіз) кінәлаған шығармын, діни сеніміне күмән болған шығар, бірақ құдайшылығын айту керек, ешқашан жалғыз екен деп, басынған, бөтен әңгіме айтқан кезі болмағаны үшін, титтей де бір көңіліме келетін әрекет етпегені үшін құрметтеймін.  Соңғы рет былтыр Серікзат үшеуміз оразаның алдында, “Керуенде” бір мейрамханада шәй іштік, одан кейін кездеспедім. Кездескенде тек студенттік шақты еске аламыз, ұстаздарды айтамыз, сол кездегі балалықтарды, қызықтарды айтамыз. Ешқандай саясат, сезім, махаббат-сахаббат деген тема болмайды. Өйткені бәріміз ет пен сүйектен жаралған адамбыз. Бір сәт баяғы тап-таза балаң шаққа оралғымыз келеді. Сол кездің куәсі болған жандарды көргенде, еріксіз сол алаңсыз бәрі жақсы, бәрі дос көрінетін. Жанымыз мөлдір, ешқандай ағыммен, саясатпен былғанбаған жастық шаққа саяхат жасап, рахаттанып күліп, тарқаймыз. Бөтен бір нәрсе айтпаймыз. Тіпті Қаңтардан соң, неше түрлі нәрсе жазып тастасам да, сол күдікті сұрағымды көргенде Мұхаңның көңіліне қарап, мен қоя алмадым. “Оның не, Ләззат-ау, абитуриент кезден білетін дос емес пе едік, өзімнен неге сұрамадың?” деп, Мұхамеджан да айыптамады. Көңілге ауыр тиетін тақырыпты айналып өттік. Секең де айтпады. Тек өзара жігіттермен болатын төбелестерді, бөтен факультеттің қыздарына барып, белгілі ақынның өлеңін өзімнің өлеңім деп оқып, “облом” болған кездерді еске алып, күліп қайттық. Әрқайсымыз өз жолымызбен, өз сенімімізбен кетсек те, бізге ортақ бір нәрсе - студенттік жылдар, қара шаңырақ-КазГУ.  Жұбайы мені жақсы біледі», - деп жазды Ләззат Ахатова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.