Кәсіпкерді пара беруге итермелеп, делдал болғаны үшін сотталды

Кәсіпкерді пара беруге итермелеп, делдал болғаны үшін сотталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы делдал болғаны үшін сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы қаласының тұрғыны Е.Байқожаға қатысты үкім шығарды.

Ол «Чапаев-Жаңақала-Сайхин» автожолын күрделі жөндеу жөніндегі шарттың жалпы сомасының 30% мөлшерінде алдын ала төлем жасағаны үшін облыс әкімдігінің лауазымды адамдарына 50 млн теңге сомасында алаяқтық жасағаны және кәсіпкерді пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымға орналасуға өмір бойына тыйым сала отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.