Мемлекет басшысы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарын тағайындады

Мемлекет басшысы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарын тағайындады
Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік 2025 жылы 18 наурызда құрылған болатын.

Президент Жарлығымен құрылған Атом энергиясы жөніндегі агенттіктегі жаңа тағайындау туралы Ақорда мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Василий Сергеевич Лавренов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін бұрын Энергетика министрлігін басқарған Алмасадам Сәтқалиев жаңа агенттіктің төрағасы болып тағайындалған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.