Бетперде таққан жігіт Құдайдан аш қалдырмауды сұраған 14 жастағы балаға үй сыйлады

Бетперде таққан жігіт Құдайдан аш қалдырмауды сұраған 14 жастағы балаға үй сыйлады
Ол оқырманға 14 жастағы Сержанды таныстырды.

Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танымал бетперде таққан жігіт тағы бір отбасыға қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол оқырманға 14 жастағы Сержанды таныстырды. Оны мешітте көрген екен. Сержан науқас ата-анасымен, әпкесімен бірге бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрады. «Алладан аш қалмасақ екен, ең бастысы ата-анам аман болса екен деп сұраймын» деп тілегін жеткізген жасөспірім көз жасына ерік берді.

«Атым Сержан, жасым 14-те. Әкемнің көзі көрмейді. Анам талып қала береді. Әпкемнің көру қабілеті төмен. Сана-сезімі дұрыс дамымаған. Біз жалдамалы бір бөлмелі үйде тұрамыз. Мектептен бос уақытымда жұмыс істеймін. Адамдарға жүк тасуға көмектесемін. Өмірімдегі ең қиын сәт – нан таба алмай қалған кезіміз. Мешітке барып, «аш қалмасақ екен, ата-анам аман болса» деп Құдайдан тілеймін», - дейді Сержан.

Қайырымды жан Сержанның отбасына қуаныш сыйлауға келгенін айтты. Сөйтіп, отбасының қарызын жауып беретінін жеткізіп, баспана сыйлады.

Желідегі оқырмандар бұл көрініске бейжай қарамай, мұқтаж отбасыға дер кезінде қол ұшын созған жанға алғыс білдірді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.