Бесқарағай ауданында 260 мыңнан астам көшеттің ұрланғаны анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен Бесқарағай ауданы аумағында Абай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.
Нәтижесінде "Семей орманы" аумағынан құны 519 млн теңгеден асатын 260 мыңнан астам көшеттің жасырын ұрланғаны анықталды.
Курчатов қалалық соты екі жергілікті тұрғынды бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Мүлкі тәркіленбейді.