Жәния Бекмұхамбетова Испанияда өткен турнирде алтын медаль иеленді

Жәния Бекмұхамбетова Испанияда өткен турнирде алтын медаль иеленді
Жәния Бекмұхамбетова 13 жасқа дейінгі жас санатында топ жарды.

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде жеңіске жетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз 13 жасқа дейінгі жас санатында топ жарды.

Жеңіске жету жолында Жәния Италия, Испания, Венгрия, Германия және Швейцария спортшыларын 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Жәния бұған дейін Болгариядағы турнирде жеңіске жеткен болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.