Капиталға қаржы құю қарқыны артты

Капиталға қаржы құю қарқыны артты
Ел экономикасындағы нарық заңдылықтарының орнықты жұмыс істеп жатқанының бір дәлелі – негізгі капиталға құйылған инвестиция. Биыл қаңтар-сәуір айларында бұл көрсеткіштен оң динамика байқалды.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, осы мерзім аралығындағы НКИ өсімі 4,3 трлн теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 13,7%-ға артқан. Инвестицияның бұл түрі – елдің экономикалық дамуындағы маңызды индикаторлардың бірі. Өйткені осы арқылы қай өңір немесе сала ілгерілеп келе жатқанын, ал қайсысы артта қалғанын бағамдауға болады.

Ресми статистикаға сүйенсек, биыл негізгі ка­питалға бағытталған қаржының басым бөлігі – 67,5%-ы ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеуге жұмсалған. Ал 27,6%-ы машиналар, жабдықтар мен көлік құралдарын сатып алуға кеткен. Бұл құрылым тех­никалық жаңғыртудан гөрі құрылыс жұ­мыс­тарының басым екенін көрсетеді. Ин­вес­тицияның құрылымы, яғни техникалық жаб­дықтарға емес, ғимарат салуға көбірек қаржы жұм­салуы, елдің технологиялық жаңару дең­гейінің әлі де төмен екенін аңғартады.

Ал қаржыландыру көздері ара­сында ең ірі үлес – 66,2%-ы кә­сіп­орындардың меншікті қара­жат­тары. Мемлекеттік бюджеттің үлесі 22,1%-ға жетіп, өткен жылмен са­лыстырғанда үш есе өскен. Бұл – мем­лекеттің инвестициялық про­цеске белсенді қатысып отыр­ға­ны­ның айғағы. Ал банктік несиелердің үлесі небәрі 3,5%-ы ғана болған, оның ішінде шетелдік банктерден алын­ған несие – 0,2%. Қалған 8,2% өзге де қарыз қаражаттарынан құ­рал­ған.

Жекеменшік сектор бел­сен­ді­лі­гі жоғары болғанымен, банктік қар­­жыландырудың әлсіздігі ин­вес­тициялық нарықтың әлі де даму қа­жеттілігін көрсетеді. Мем­ле­кет­тік бюджет есебінен салынған ин­вес­тициялардың үлесі өскенімен, бұл ұзақмерзімді тұрақты даму үшін жеке сектордың рөлін кү­шей­ту қажеттігін жоққа шығармайды.

Салалық бөліністе инвести­ция­­­лардың 39,5%-ы өнеркәсіп са­ласына бағытталған. Оның ішін­де кен өндіру – 18,7%, өңдеу өнер­кә­сібі – 12,7%, электрмен және су­мен жабдықтау салалары 4,9% жә­не 3,2% құраған. Сонымен қатар жыл­жымайтын мүлікпен жасала­тын операцияларға – 20,9%, көлік пен қоймалауға – 13,2%, білім беру са­ласына – 9,7%, ауыл, орман жә­не балық шаруашылығына – 3,8% ин­вестиция тартылған. Қалған ин­вестициялар сауда, байланыс, қар­жы, денсаулық сақтау және өзге де қызмет көрсету салаларына бө­лін­ген.

Аймақтық бөліністе инвести­ция­лық өсім Жамбыл, Жетісу, Түр­­­­­кістан облыстары мен Шым­кент, Алматы, Астана қалаларында айқын байқалды. Мәселен, Жам­был облысында инвестиция көлемі 66,8%-ға, Жетісуда – 63,8%-ға, Түр­кістанда – 55,7%-ға, ал Шым­кент­те 54%-ға өскен. Алайда кей­бір өңірлерде, керісінше, күрт тө­мендеу тіркелген: Атырау облы­сын­да инвестициялар көлемі 40,4%-ға, Ұлытау облысында – 29,3%-ға, Солтүстік Қазақстанда 9,9%-ға азайған.

Ал ел аумағындағы инвес­ти­ция­лардың ең үлкен үлесі Алматы (12,4%) мен Астана (11,6%) қала­ла­­­рына тиесілі. Жалпы күрделі са­лым­­­­­дардың жартысына жуығын ірі және орта кәсіпорындар жүзеге асыр­ған. Шағын бизнес те белсен­ділік танытып отыр: 2025 жылы олардың инвестициялары 2,4 трлн теңгеден асып, барлық инвестиция көлемінің 54%-ын құраған. Бұл олардың санының көптігімен, икем­ділігімен және мемлекет тара­пынан көрсетілген қолдаумен бай­ланысты. Сонымен қатар ірі кә­сіп­орындардың инвестиция көлемі 2024 жылмен салыстырғанда аздап тө­мендеген.

Дегенмен Halyk Finance сарап­тама орталығының мамандары мем­лекеттік шығындар мен жеке құ­рылыс салушылардың қара­жа­тын есепке алмағанда, инвести­ция­лар 2,6%-ға төмендегенін ай­та­ды. Бұл теріс динамика екінші жыл қатарынан байқалуда, және эко­номиканың ұзақмерзімді тұ­рақ­ты дамуына қауіп төндіреді. Со­нымен қатар өнеркәсіптегі ин­вес­тиция көлемі 2,5%-ға азайған. 

«Құрылыс саласында өткен жыл­ғы жоғары өсімнен кейін (+63,3%) биылғы жылы 14,2%-ға тө­мендеу тіркелді. Өнеркәсіптегі НКИ төмендеуі, ең алдымен, тау-кен өндіру саласындағы инвес­ти­ция­лардың қысқаруымен байла­ныс­ты, бұл сала өнеркәсіптегі жал­­пы инвестиция көлемінің 47,4%-ын құрайды», – дейді орталық сарап­шысы Салтанат Игенбекова.

Оның айтуынша, негізгі ка­пи­тал­ға салынған инвестициялар көр­­сеткіші – экономиканың тұ­рақ­ты дамуы мен бәсекеге қабі­лет­тілігін қамтамасыз ету үшін тех­но­ло­гиялық жаңару мен еңбек өнім­ді­лігін арттыру тұрғысынан маңыз­ды.

«Мемлекеттік қаржы­лан­дыру­д­ың үлесі әлі де жоғары. Бұл 2024 жыл­ғы осы кезеңмен салыстыр­ған­да 2,6 есе өскен (сол кезде үлесі 10,0% болған). Ал кәсіпорындардың мен­шікті қаражатының үлесі 76,3%-дан 66,2%-ға дейін азайған. Де­генмен  кәсіпорындардың мен­шік­ті қаражаттары құрамында ква­зи­мемлекеттік сектор қаражаты бар екенін ескерген жөн.

Сонымен бірге қарыз қаражат есе­бінен қаржыландыру да төмен деңгейде, сақталуда, бұл инвести­ция­лардың ауқымы мен өсу қарқы­ны­на кері әсерін тигізуде», – дейді ол.

Маманның сөзіне сүйенсек, ин­­вестициялық саладағы қазіргі үр­дістер жеке кәсіпкерлікті дамыту мен жоғары өнімді секторларға ин­вестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін көрсетіп отыр. Бұл – экономиканың тұрақ­ты өсуін қамтамасыз етудің маңыз­ды шарты.

Ел экономикасының ілгері­леуі­не негізгі капиталдан бөлек, ті­келей шетелдік инвестициялар­дың да маңызы зор. Дегенмен соң­ғы уақытта бұл бағытта да ауқымды өз­герістер жоқ емес. Мәселен, Ре­сей Қазақстанға инвестиция кө­ле­мін арттырып жатса, АҚШ үлесі ке­рісінше кеміп келеді. Мысалы, Freedom Finance Global қаржы ком­­паниясының сарапшысы Аңсар Әбуовтің айтуынша, соңғы бес жыл ішінде Нидерланд елі Қазақ­стан­­ға ең көп инвестиция салған ел болып қала бермек – 30,3 млрд дол­­лар. Екінші орында – Ресей (11,7 млрд доллар), ал инвес­ти­ция­лық белсенділігі төмендесе де, әзір­­ге АҚШ – үшінші орында (10,3 млрд доллар).

«2023 жылы АҚШ-тан тікелей ше­т­­елдік инвестициялар (ТШИ) кө­­лемі 80%-ға жуық төмендеп, 2024 жылы 870 млн доллар кө­ле­мін­де таза капитал кетуі тіркелді. Ке­рісінше, Ресейдің қазақстандық на­рыққа қатысуы күшеюде: 2023 жы­лы бұл елдің инвестициялары 2022 жылмен салыстырғанда екі есе өсті. Бұл қаражаттың ең көп ба­­­­ғытталған саласы – тау-кен өн­діру секторы, 2024 жылы ол 6,4 млрд доллар инвестиция тартқан. Соң­ғы жылдардағы үрдіс Қазақ­стан экономикасының әртарап­та­нып келе жатқанын көрсетеді: был­тыр 17 млрд доллардан астам ТШИ түрлі салаларға бөлінді», – деп атап өтті ол.

 Сарапшының сөзіне сүйенсек, сырт­­қы инвестициялардың көп бө­лігі шикізаттық емес секторларға ба­ғытталуда: автокөлік саудасы мен жөндеу ($5,3 млрд), өңдеу өнер­­кәсібі, телекоммуникация жә­­не қаржы қызметтері. Әсіресе, бөл­­шек және көтерме сауда саласы ерек­ше көзге түсуде – бұл ішкі на­рық­тың жандануын және ха­лы­қ­аралық ритейлерлердің қы­зы­ғу­шы­лығын білдіреді. Сондай-ақ елі­мізде инвестициялық климатты жақ­сарту бағытында нақты қадам­дар жасап жатқанын да көруге бо­ла­ды. Мысалы, реттеуші рәсім­дер жеңіл­детілуде, инвесторлардың құ­қық­тарын қорғау тетіктері кү­шей­тілуде. Демек, экономи­ка­ның басты ин­дикаторы болып табыла­тын ин­вестицияның қай саласында да алға ілгерілеу бар. Дегенмен на­­рық­тың басты талабы – мемле­кет­тің үлесі кеміп, кәсіп иелерінің өзі басты катализаторға айналуы қа­жет.

Кәмила ДҮЙСЕН