Маңғыстау облысында Қаржылық мониторинг агенттігінің департамент қызметкерлері қаржы пирамидасын құрған 7 адамды ұстады. Құзырлы орган дерегінше, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері салымшыларға өзін инвестициялық қордың иесі, сондай-ақ Африкада алмаз өндіру бойынша халықаралық жобаға қатысушысы ретінде таныстырған. Осылайша, бір мыңнан астам адамды алдау арқылы 9 млрд теңге заңсыз пайда тапқан. Алаяқтардың бұл қаражатты қымбат пәтерлерді сатып алып, шетелде демалуға жұмсағаны анықталды. Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі жалпы құны 600 млн теңге болатын мүлікке тыйым салынды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.