Бұршақ жауады, дауыл тұрады: 21 мамырдағы ауа райы болжамы

Бұршақ жауады, дауыл тұрады: 21 мамырдағы ауа райы болжамы
Қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 21 мамырда еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар, батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі бар. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының батысында түнде найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде  жаңбыр, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар. 

Абай облысының солтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысының батысында найзағай ойнап, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Ақмола облысында түнде батысында, күндіз солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.