Қызылордалық ТЖМ қызметкерлері 6 адамды өрттен құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қызылордада П.Чайковский көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар өртенген.
Өрт сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері өрт автосатысы арқылы жоғарғы қабаттардан 6 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды.
– Өрт 12 шаршы метр алаңды шарпыды. Зардап шеккендер жоқ, – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.