Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештке барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапештке барды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мемлекет басшысы бүгін Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізеді.