Басыңыздағы шашыраңқы ойларды тәртіпке келтіруге ChatGPT көмектеседі

Басыңыздағы шашыраңқы ойларды тәртіпке келтіруге ChatGPT көмектеседі
Жасанды интеллект сізді шаршататын тапсырмаларды шебер орындайды. Ол күнделікті өмірде керемет көмекші болып, тапсырмаларды шебер орындайды.

Aikyn.kz жасанды интеллекті күнделікті көмекші ретінде қолдану мүмкіндіктерін bgr.com сайтындағы хабарламаға сүйеніп, түсіндіреді.

AMPЖиындарға жиі қатысатын болсаңыз, жазбаларды өзіңіз термей-ақ ChatGPT-ге тапсыруға болады. Иллюстрация esp.md сайтынан алынды, Авторлығы: canva.com генеративті ЖИ 

ChatGPT және басқа да үлгілерден күнделікті жұмыстарыңызды жеңілдетуді қалай сұрауға болатыны жөнінде үш кеңес пен әдісті ұсынамыз. Егер сіз үнемі жұмыс не оқу барысында кездесулерге жиі қатысатын болсаңыз, жазбаларды өзіңіз термей-ақ жүргізудің жолы бар. Кездесулердегі әңгімені тыңдап, қатысып отырған кезде мәліметтерді жазып алып, кейіннен ЖИ-ден оны мәтінге түсіріп беруін немесе қысқаша мазмұнын жасап беруін сұрауға болады.

ChatGPT арқылы бұны былай жасауға болады. Бірінші, Zoom, Voice Memos немесе соған ұқсас қолданба арқылы кездесуді аудиоға жазып алыңыз. Екінші, аудиофайлды ChatGPT чатына жүктеңіз. Қалған жұмыстың барлығын ЖИ өзі атқарады: транскрипция (мәтінге көшіру), қысқаша мазмұнын жасау, тіпті қажет болса, кейінгі электрондық хаттың жобасын да дайындап береді.

Қазір – 2025 жыл. Бүгінгі ЖИ чат-боттары сіздің атыңыздан хатты оңай жазып береді. Жақында BGR басылымы электрондық пошта көмекшісі Serif жайлы жазды. Ол сіздің поштаңызды тиімді басқаруға көмектеседі. Бұдан бөлек, Gmail-дің ЖИ көмекшісі немесе Microsoft Copilot секілді көмекшілерде хаттарды жобалау, қайта жазу, тіпті даусыңызды пайдалана отырып автоматты жауап беру қызметтері бар басқа да ЖИ құралдары бар.

ChatGPT бұл істе де жақсы көмекші рөлін атқар алады. Бірақ алдымен сіз хат мәтінін көшіріп, чатқа қоюыңыз қажет. Ол сіз үшін мына тапсырмаларды орындайды:

хатқа сіздің стиліңізде жауап жазу (іскерлік, бейресми, т.с.с.); грамматиканы, түсініктілікті және әсерлілікті жақсартады; қажет болса, аударма жасау немесе мәтінді жергілікті тілге бейімдеу (мысалы, ағылшын ↔ қазақ).

Басыңыздағы шашыраңқы ойларды тәртіпке келтіруге ChatGPT көмектеседі. Фото mangogames.ru сайтынан алынды

Apple жақында миға шабуыл жасау немесе тапсырма орындау кезінде жиі алаңдайтындарға арналған қызықты пернелер тіркесін шығарды. Алайда сіздің басыңыздағы шашыраңқы ойларды тәртіпке келтіруге көмектесетін басқа да ЖИ-ге байланысты кеңестер мен әдістер бар. Мысалы, ойыңызға келген идеяларыңызды – дауыстық жазбалар, маркерленген тізімдер немесе аяқталмаған сөйлемдер түрінде – ChatGPT-ге бере аласыз. Ол сіз үшін блогқа арналған жазбалар, LinkedIn жаңартулары, әлеуметтік желілердегі жазбалар және тағы басқа да дайын мәтіндер жасап береді. 

Бұл былай жұмыс істейді. Әлі піспеген ойларыңызды, жазбаларыңызды теріп енгізіңіз немесе дауыстық хабарламаны ChatGPT-ге жүктеңіз. Оған не істеу керектігін айтыңыз (мысалы, «мынаны ЖИ өнімділігі туралы Twitter тізбегі етіп жасап бер»). Чат-бот бәрін тиянақты етіп дайындап береді. Сізге өзіңіздің жазу мәнеріңізге сай нақты және түсінікті нұсқасын алып, қолдану ғана қалады.

Бұлар ЖИ-ді өміріңізді жеңілдету үшін қолдануға болатын тек үш кеңес пен әдіс қана. Алайда оның мүмкіндіктер бұдан да көп. Күнделікті жиі орындайтын тапсырмаларыңызды орындай алатын ЖИ құралын тауып, қолдануға болады. Ол сізге оны тез әрі тиімді орындауға, ең бастысы, бүгінгі заманның ең қымбат тауары – уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі. Қайталап жасалатын істерді ЖИ-ге тапсыру арқылы сіз маңызды дүниелерге көбірек көңіл бөле аласыз.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.