Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Оның еншісінде ATP 250 сериясындағы үш, ал ATP 500 турниріндегі бір чемпиондық атақ бар.

Қазақстандық Александр Бублик теннистен Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger 175 сериясындағы турнирде жеңіске жетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Бублик финалда қытайлық Бу Юньчаокэтэны 6:3, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді.

Александр үшін бұл – ATP Challenger санатындағы жекелей сында жеңіп алған жетінші титул және топырақты корттағы алғашқы жеңіс.

Сондай-ақ оның еншісінде ATP 250 сериясындағы үш, ал ATP 500 турниріндегі бір чемпиондық атақ бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.