PGL Astana 2025 турнирінің жеңімпазы анықталды

PGL Astana 2025 турнирінің жеңімпазы анықталды
Турнирдің шешуші финалдық кездесуінде ресейлік Team Spirit командасы даниялық Astralis ұжымын 3:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Жақында ғана, 10-18 мамыр аралығында Астанада Counter-Strike 2 дисциплинасы бойынша ең үздік S-Tier деңгейіндегі LAN-турнир – PGL Astana 2025 жарысы өтті. Қазақ астанасында 16 команда 625 мың АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры үшін бақ сынасты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Турнирдің шешуші финалдық кездесуінде ресейлік Team Spirit командасы даниялық Astralis ұжымын 3:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

AMP

Сонымен қатар киберспорт әлеміндегі жетекші портал HLTV Team Spirit командасының «rifler» ойыншысы Данило «donk» Кришковецті турнирдің ең үздік ойыншысы (MVP) деп таныды. 18 жастағы ойыншының жеке көрсеткіші 1.50 рейтингке жетті. Бұл – 2025 жылы «donk» иеленген екінші MVP атағы.

Айта кеткен жөн, украиналық Natus Vincere командасы Астанада өткен турнирде ширек финалға дейін жетіп, дәл сол Astralis командасынан жеңіліп, жарыстан шығып қалған еді.

AMP

Енді финалдық ойын жайлы сөз етейік. Кеше, жексенбі күні, турнирдің шешуші финалдық ойыны өтті. Гранд-финалда даниялық Astralis командасы мен ресейлік Team Spirit ұжымы кездесті. Кездесу "Best of 5" форматына сәйкес өткізілді. Демек, бес картаның ішінен үш рет жеңіске жеткен команда чемпион атанады.

Тартысты өткен финалдың қорытындысы бойынша, Team Spirit жеңіске жетіп, қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді:

- Dust2 5:13

- Nuke 10:13

- Mirage 13:5

- Train 13:16

Осылайша, Team Spirit ұжымы PGL Astana 2025 турнирінің чемпиондары атанып, 200 мың доллар көлеміндегі басты жүлдені иеленді. Ал күміс жүлдегер атанған Astralis командасына 93,7 мың доллар табысталды.

Astana 2025 турнирінің жалпы жүлде қоры $1,250,000 құрады, оның ішінде $625,000 ойыншылар арасында, ал қалған $625,000 клубтарға бөлінді. Сондықтан Team Spirit командасы жалпы алғанда $400,000 жүлде алды: $200,000 ойыншыларға және $200,000 клубқа тиесілі.