Көкпардан ел чемпионаты аяқталды

Көкпардан ел чемпионаты аяқталды
Алматы облысында жастар арасында Қазақстан Республикасының 19-шы чемпионаты өз мәресіне жетті.

Биыл сайысқа барлығы 13 команда қатысты. Олар 4 топқа бөлініп, жартылай финал жолдамасын сарапқа салды. Нәтижесінде, Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарының және Шымкент қаласының құрамалары өз тобынан алға шықты.

Жартылай финалда Жамбыл облысының көкпаршылары алматылықтарды 6:3 есебімен жеңсе, Шымкент командасы  атыраулықтары  12:0 есебімен ұтып, ақтық сайысқа жолдама алды. Финалдық ойында жамбылдықтар 5:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Жамбыл облысы бірінші, Шымкент қаласы екінші, Алматы облысының құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.