Нью-Йоркте әскери кеме Бруклин көпіріне соғылып, екі адам қаза тапты

Нью-Йоркте әскери кеме Бруклин көпіріне соғылып, екі адам қаза тапты
Нью-Йорк көлік департаментінің мәліметінше, Бруклин көпірі конструкциясы зақымданбаған

2025 жылғы 18 мамырда Нью-Йорк қаласында Мексиканың әскери теңіз күштеріне тиесілі «Cuauhtémoc» оқу кемесі Бруклин көпіріне соғылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

bbc.com мәліметінше, Апат салдарынан екі адам қаза тауып, 22 адам жараланды. Олардың жартысы ауыр халде.

Кеме көпір астынан өтпек болғанда үш мачтасы сынып, Ист-Ривер өзеніне құлап кеткен. Кеменің 277 экипаж мүшесінің 19-ы жарақат алып, екеуі ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс бұл туралы X (бұрынғы Twitter) желісінде хабарлады.

Оқиға орнында үрей туындап, кейбір теңізшілер мачтада қалып қойғаны байқалған. Кеме Манхэттен көпірі маңына сүйретіліп жеткізілді. Жергілікті полиция тұрғындарды бұл аймақтан аулақ болуға шақырды.

Нью-Йорк көлік департаментінің мәліметінше, Бруклин көпірі конструкциясы зақымданбаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз