Аустриялық әнші Eurovision ән байқауында жеңіске жетті

Аустриялық әнші Eurovision ән байқауында жеңіске жетті
Eurovision-2025 ән байқауында поп-опера стиліндегі «Wasted Love» туындысын орындаған аустриялық Йоханнес Питч жеңімпаз атанды.

Ән сайысы Швейцарияның Базель қаласында өткен. Байқаудың соңына дейін Израиль әншісі Юваль Рафаэль көш бастап келе жатқан еді. Алайда соңғы сәтте өзінің төл туындысымен Йоханнес Питч  (JJ)  топ жарды.

Аустрия бұған дейін Eurovision-1966, Eurovision-2014 байқауларында жеңімпаз атанған.

Еске салайық, Eurovision-2025 байқауына барлығы 26 үміткер қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.