Жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады: 18 мамырдағы ауа райы болжамы

Жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады: 18 мамырдағы ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжамы бойынша, жексенбі, 18 мамырда еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, шаңды дауыл соғып, аптап ыстық болады.

Қазгидромет" РМК синоптиктері 18 мамырда Алматыда, Шымкентте және 18 өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Атырау облысында солтүстіктен оңтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ұлытау облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында 25 м/с. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында шаңды дауыл болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі (5 класс), таулы аудандарында жоғары өрт қаупі (4 класс) сақталады.

Шымкентте 18 мамырда түнде және таңертең найзағай ойнайды. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі (4 класс) сақталады.

Қарағанды облысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз 15-20. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. 

Жетісу облысында күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Түнде облыстың батысында, орталығында, таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда 15-20, күндіз екпіні 24-29 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Алматыда күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с.

Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысында тұман түседі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақмола облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Абай облысында найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде күндіз жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында найзағай, дауыл болады. Күндіз облыстың орталығында, шығысында шаңды дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.