Қазақстанда жыл сайын 2 мың адам жатыр мойны обырына шалдығады

Қазақстанда жыл сайын 2 мың адам жатыр мойны обырына шалдығады
Жыл сайын әлемде жатыр мойны обырынан шамамен 300 мың әйел көз жұмады.

Қазақстанда 2 мың адамнан осы диагноз анықталады.

«Жатыр мойны обырының дамуының негізгі себебі – жоғары онкогендік қауіпті адам папилломасы вирусының 16 және 18-типтері. Сондықтан уақытылы вакцинациялау аса маңызды», – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Биыл мамыр айында 11–13 жас аралығындағы 138 469 қыз бала адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаның алғашқы дозасын, ал 44 956 қыз бала екінші дозасын алған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.