Google компаниясы Google Classroom платформасына қазақ тілін енгізгенін ресми мәлімдеді

Google компаниясы Google Classroom платформасына қазақ тілін енгізгенін ресми мәлімдеді
Ана тіліндегі цифрлық білім беру ортасы енді Google Classroom қазақ тілінде де қолжетімді.

Google компаниясы Google Classroom платформасына тілдік қолдау көрсетіп, сәуір айында тізімге қазақ тілін енгізгенін ресми мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл Алтынсарин академиясының жүйелі жұмысының нәтижесі екен.

Google Classroom – 170 миллионнан астам адам қолданатын әлемдегі ең танымал білім беру платформаларының бірі. Ендігі таңда қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін жаңа цифрлық игіліктерді пайдалану мүмкіндіктері пайда болды. Бұл – еліміздің оқушылары мен педагогтері үшін цифрлық тең қолжетімділікті қамтамасыз етудегі маңызды қадам.
Қазақ тіліне өту үшін Google аккаунтында параметрді өзгерту жеткілікті – платформа интерфейсі веб-нұсқаға және мобильді қосымшаға автоматты түрде бейімделеді.
Естеріңізге сала болсақ, қаңтарда Алтынсарин академиясы Google және Microsoft-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Одан бұрын Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлемдегі ең ірі IT-компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізген болатын. Google Classroom қазақша нұсқасы – білім беру саласындағы заманауи цифрлық экожүйені құру жолындағы алғашқы қадам.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.