Қазақ тілін тегін оқыту курстары басталады

Қазақ тілін тегін оқыту курстары басталады
Астаналықтар 3 маусымнан бастап қазақ тілін тегін үйрене алады.

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «Руханият» КММ ересектерге арналған қазақ тілін тегін оқыту курстарын ұйымдастырып жатыр. Өтініштерді қабылдау мамыр айының соңына дейін жалғасады, - деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазақ тілін үйренгісі келетін 18 жастан асқан кез келген азамат тегін курсқа қатыса алады.

Өтініштер 19-31 мамыр аралығында қабылданады.

Курстар 3 маусымда офлайн форматта басталады.

Сабақтар мына мекенжайлар бойынша өткізіледі:
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9, «Руханият» КММ;
Астана қаласы, Р. Қошқарбаев көшесі, 50;
Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 52, Орталық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.

Өтініштерді қабылдау мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 9, 209-кабинет, - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.