Құрбан айт мейрамында қанша күн демалыс беріледі?

Құрбан айт мейрамында қанша күн демалыс беріледі?
Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі.

Маусым айында Қазақстан халқы Құрбан айт мейрамын атап өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құрбан айт дүйсенбі,  6 маусымға сәйкес келіп тұр. Сондықтан Қазақстан халқы 6, 7 және 8 маусым демалады.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы бекіткен діни мерекелер кестесіне сәйкес «Құрбан айт» мейрамы үш күн (6-8 маусым) тойланады.

Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «Ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. 

“Құрбан айт” намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы келген мұсылманға құрбандық шалу – парыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.