Ауыр атлет Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ауыр атлет Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстан құрамасының өкілі Артём Антропов ауыр атлетикадан Қытайдың Цзяншань қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің ақпаратынша, спортшы 102 келіге дейінгі салмақ дережесінде жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша, Антропов 386 (165+221) келіні еңсерді.

Бұл салмақта жеңіске Қытай өкілі Лу Хуаньхуа жетті – 410 (180+230) келі.

Үшінші орынды Түрікменстаннан Дауранбек Хасанбаев иеленді – 377 (182+195) келі.

Айта кетейік, бұған дейін Пётр Хребтов 73 келіге дейінгі салмақ дережесінде қола жүлде жеңіп алған болатын.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.