Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирде жеңіске жетті

Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирде жеңіске жетті
Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсететін Зарина Диас Жапонияның Курумэ қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші кезеңіне жолдама алды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің ақпаратынша, бірінші айналымда ол жапониялық Киса Ешиокадан басым түсті.

Диас қарсыласын екі сетте жеңді. Кездесу 6:4, 6:0 есебімен аяқталды.

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші тағы бір жапониялық спортшы Лиза-Мария Риумен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.