Астанада ТЖМ қызметкерлері өрттен екі баланы құтқарды

Астанада ТЖМ қызметкерлері өрттен екі баланы құтқарды
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана қаласы Байқоңыр ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде шағын алаңдағы өрт сөндірілді.

Құтқарушылар үш адамды, оның ішінде екі баланы құтқару маскасының көмегімен баспалдақ арқылы құтқарып алды. Зардап шеккендер жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.