2019 жылғы қыркүйекте Бас прокуратура Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген болатын, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
«Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізген. Биыл ҰҚК оның нақты болған жерін анықтады, содан кейін Түркияның құқық қорғау органдары оны Анталья қаласында ұстады. Биыл 9 мамырда Анталья қаласының соты Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазір қамауда», – деп хабарлады ҰКҚ баспасөз қызметі.
Қазақстанның құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады.
Айтар болсақ, осыған дейін Астана қаласының соты Талғат Арданды Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі және 361-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте Талғат Ардан – Түркияда, ал Сұлтанбеков АҚШ-та екенін мәлімдеген.