Хамзаальпер Ромашкин таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді

Хамзаальпер Ромашкин таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем  чемпионатында алтын медаль иеленді
Қазақстан құрамасының спортшысы Хамзаальпер Ромашкин таэквондодан Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан жастар арасындағы (WT) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің ақпаратынша, 61 келіге дейінгі салмақ дережесінде өткен финалдық жекпе-жекте Ромашкин Канада өкілі Никола Самордичти сенімді әрі техникалық шеберлікпен жеңді.

Айта кетейік, БАӘ-де өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатына 81 елден 800-ден  астам спортшы қатысып жатыр. Аталмыш жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.