Әскери қызметші алтын жүлде жеңіп алды

Әскери қызметші алтын жүлде жеңіп алды
Сандуғаш Сейдіш Үндістандағы армрестлингтен Азия чемпионатында жеңіске жетті.

Үндістан астанасы – Делиде өткен армрестлингтен Азия чемпионатында Қазақстан Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі құрлық біріншілігінің «алтын» жүлдесін жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сандуғаш Сейдіш қырғызстандық спортшы Молмол Акимқожоқызын жеңді.

AMP

Чемпион өз жеңісінде шешуші рөлді қарқынды жаттығулар және жағымды көңіл күй ойнағанын атап өтті. Ол Арнайы операциялар күштері қолбасшылығына баға жетпес қолдау мен көмегі үшін алғысын білдірді, - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.