Мектеп оқушылардың қорытынды аттестациялау уақыты анықталды

Мектеп оқушылардың қорытынды аттестациялау уақыты анықталды
29 мамыр мен 10 маусым аралығында 9-сынып оқушыларына қорытынды емтихандар өтеді. Олар міндетті пәндер бойынша төрт жазбаша емтиханнан тапсырады.

Ал 11-сынып түлектері үшін мемлекеттік емтихандар 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді.

Оқушылар бес емтихан тапсырады, оның бірі ауызша болады.

"Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды тапсыру салтанаты білім беру ұйымдарында 2025 жылғы 18-20 маусым аралығында өтеді", - делінген таратылған хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.