АҚШ-та мыңнан астам адам қызылша жұқтырған

АҚШ-та мыңнан астам адам қызылша жұқтырған
АҚШ-та қызылша жұқтырғандар саны 1 мыңнан асты. Бұл туралы Америка ауруларды бақылау және алдын алу орталығы хабарлады.

Қатерлі дерт 30 бірдей штатқа тарап үлгерген. Ахуал, әсіресе, Техаста қиын. Мұнда екпе салдырмаған бірнеше бала көз жұмды.

Айта кетейік, 2000 жылы қызылша Құрама штаттарында «жойылды» деп жариялаған болатын. Бірақ кейінгі кезде ауруды сырттан жұқтырып алып келу оқиғасы жиілеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.