Мемлекет басшысы белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Ресейге барып, Қызыл алаңдағы парадқа қатысып жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатыспай тұрып, Қызыл алаңдағы парадта Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетілді.

Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.

Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.