Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзабекова Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Анашым Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы бойынша Ұлы Отан соғысы жеңісінің 80 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталды! Аналарымыздың жымиғанын, қуанғанын көру қандай бақыт!» – деп жазды Сәкен Майғазиев.
Айта кетейік, биыл Жеңістің 80 жылдығына орай елімізде ардагерлер мен тыл еңбеккерлері арнайы марапатқа ие болып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.