Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды
Осылайша, Мемлекет басшысы қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті.

Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

 

Президенттік оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

AMP

AMP