Теннисші Жібек Құламбаева Германиядағы турнирде жеңіске жетті

Теннисші Жібек Құламбаева Германиядағы турнирде жеңіске жетті
Жібек Құламбаеваның еншісінде 40 ITF жүлде бар.

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өткен ITF W100 турнирінің чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жұптық сайыстың финалында Жібек Құламбаева мен латвиялық Дарья Семенистая чехиялық Джесика Малечкова мен Мириам Сконы жеңді.

Кездесу есебі – 4:6, 6:3, 11:9.

Бұл Жібек үшін ITF W100 сериясындағы қатарынан екінші жеңіс болды. Жалпы, Құламбаеваның еншісінде 40 ITF жүлде бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.